2015 жылғы 10 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №32, 303-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы №121 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысымен бекітілген
«Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының 2014 – 2016 жылдарға арналған жылдық ставкалары
Төлеушілер Төлемақының жылдық
ставкалары, %
Қалааралық және (немесе) 1,3992
Халықаралық телефон
Байланысының операторлары 1,3992
Ұялы байланыс операторлары